Ғалымдар: Ойдағыдай өмірлік жар болатын адамды іздеу — бос әурешілік
Мұндай көзқарасты АҚШ-тағы Мичиган университетінің микробиологтары мәлімдеді. Олар зерттеу кезінде компьютерлік модельді құрып, бірнеше мыңдаған сандық ағзалардың өздеріне сыңар компьютерлік бағдарлама іздеу кезіндегі төнетін қауіп-қатерлер мен түрлі тәуекелдерге деген қатынасын анықтады. Оған сәйкес, ағзалар өздеріне жақын орналасқан бөлшектерге қарайды екен. Қысқаша айтқанда, олар өздеріне сыңар таңдағанда оның неғұрлым қауіпсіз түрлерін қалайды.